қазақша · русский · english
 
 
 
06.04.2021

«Ж.Жабаевтің нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні» вебинары

 

2021 жылы 3 сәуірде ZOOM платформасында Ж.Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ж.Жабаевтің нақыл сөздерінің тәрбиелік мәні» танымдық - тәрбиелік сабағы өтті. Іс-шараны «Мәдениеттану» мамандығының 1-ші курс студенттеріне Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік - философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ержанов Еркебұлан өткізді.

 

Іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздерінің қазіргі таңда тәрбиелік өзектілігіне тоқтала отырып, болашаққа өнегелі қағидат ретінде пайдалануға болатындығы дәріптелді. Студенттер өз өнерлерін көрсетіп, профессор-оқытушылар құрамы қатысып, тәрбиелік көзқарастағы пікірлерімен бөлісті.

 

       




Кері оралу