Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
09.04.2021
«Әлемдік саясаттағы Сирия мәселесіндегі Ресей және Түркия ұстанымдары» тақырыбындағы ғылыми вебинар
2021 жылы 8 сәуірде Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы университеттегі «Ғылым декадасы-2021» аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Халықаралық қатынастар факультетінің аға оқытушысы Әділбек Ермекбаевтың «Әлемдік саясаттағы Сирия мәселесіндегі Ресей және Түркия ұстанымдары» тақырыбындағы ғылыми вебинарын ұйымдастырды. Вебинар жұмысына кафедраның, институттың профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, «Тарих», «Дінтану», «Философия», «Аймақтану», «Саясаттану» мамандықтарының студенттері, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінен қонақтар қатысты. Вебинарда әлемдік саясаттың өзекті мәселесіне айналып отырған Сирияның жағдайы, басшыларының ұстанымдары, Сирия мәселесіне қатысты Түркия Республикасы мен Ресей Федерациясының ұстанымдары, саяси, экономикалық мүдделері, Сириядағы діни ахуал, босқындар мәселесі сияқты маңызды сұрақтар талқыланды. Вебинар қатысушылардың қызығушылығын тудырып, екі сағаттан астам уақытқа созылды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|