қазақша · русский · english
 
 
 
02.12.2021

«Еңселі елдің елбасы» танымдық-тәрбиелік вебинары

 

 2021 жылдың 30 қарашасында онлайн-платформада Тұңғыш Президент күніне арналған және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Еңселі елдің елбасы» тақырыбында танымдық-тәрбиелік вебинар өтті. Бұл шара Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қатысуымен ұйымдастырылды. Вебинарды саяси ғылымдарының кандидаты А.А.Қуанышева жүргізді.

 

Вебинарға кафедраның барлық мамандықтарының студенттері белсене қатысты, оның барысында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының өзекті мәселелері, Ел басының өмірі мен еңбек жолы қазіргі жастарға көшбасшылық үлгісі ретінде қарастырылды.

 

   




Кері оралу