қазақша · русский · english
 
 
 
20.12.2021

Тәуелсіздік - еліміздің баға жетпес байлығы

 

2021 жылдың 15 желтоқсанында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ағаоқытушысы Бердалина А.С. 2 курс философия-әлеуметтану және философия мамандықтарының топтарында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған вебинар ұйымдастырды.

 

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып отыр. Халқымыз үшін бұл кезең қиыншылықтар мен жеңістерге, дағдарыстар мен жетістіктерге толы, қазақ мемлекеттілігіні ңқайта жаңғыруы мен ата-бабаларымыздың талай ұрпақтары арман еткен азаттыққа қол жеткізген тұтас бір дәуірді қамтыды. Осы вебинар біздің жолымызды, жетістіктеріміз бен проблемаларымызды түсіну, алға қарай сенімді қадамдар мен алға жылжу, мақсат-міндеттерді айқындау үшін ұйымдастырылды. Студенттер осы мерекеге арналған көптеген тарихи мәліметтер, сұрақтар мен викториналар дайындап, тақпақтар мен әндер орындады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу