қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2022

Біз және біздің құқығымыз!


2022 жылдың 11 ақпанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасында «Біз және біздің құқығымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді эдвайзер-оқытушы Сарыбаева Айгерім «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Әлеуметтану» мамандықтарының 1 курс студенттерімен ұйымдастырды. Алғашқы сөз кезегін саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков бастап, студенттердің бойында құқықтық, адамгершілік, патриоттық тәрбиені сіңіру қажет екендігін айтты.

 

Сондай-ақ дөңгелек үстелге «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бахытқали Көшпенбетов қатысып, студенттерге өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы мағұлматтар беріп, студенттердің ойларымен бөлісті. Сөз соңында кафедра оқытушылары: Манапбаев Н.Б., Мадалиева Ж.Қ.,Батырханова Ә.Қ., Карибаев О.О., Ниязбеков С.А. студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтырып өтті.

 

   

 

   




Кері оралу