қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2022

Ғылым онкүндігі-2022 қорытындысы бойынша университет ғалымдары марапатталды

 

2022 жылдың 14 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде салтанатты түрде «Ғылым онкүндігінің» жабылуы салтанатты түрде өтті. Жабылу салтанатында университет ректоры Д.Біләлов профессор-оқытушылар құрамын құттықтады. Тарих және құқық институтының атқарған іс-шараларына арнайы қатысып, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Білім және ғылым жолында талмай еңбек етудің болашақ педагогтарды тәрбиелеудегі маңыздылығы жөніне де тоқталып өтті.

 

Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Г.Д.Рахимова университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны және қажырлы еңбегі үшін «Үздік қызметкер» төсбелгісімен марапатталды.

 

   

 

   




Кері оралу