қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2022

«Көшбасшылық және жастар саясаты» студенттік дебат

 

2022 жылдың 14 сәуірінде Ғылым онкүндігі аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Психология және педагогика институтында Тарих және құқық институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы, «Арнайы педагогика: логопедия (6В01902)» мамандығының 2 курс студенттерімен (орысбөлімі) бірлесіп «Көшбасшылық және жастар саясаты» тақырыбында пікір сайыс өткізді, онда «Субмәдениет» ұғымы да талқыланды.

 

Аға оқытушы, саясаттанушы Т.Ф.Дауылбаевтың жетекшілігімен студенттер мазмұнды және түрлі-түсті презентацияларды дайындап, ұсынды, шығармашылық, ұйымшылдық, көшбасшылық және шешендік қабілеттерін көрсетті. Бұл өте қызықты іс-шара ұжымдық және шығармашылық жұмыс рухымен ерекшеленді.

 

Дебатқа қатысушыларды саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары А.Н.Бухаев, А.А.Қуанышева және Т.Ф. Дауылбаев бағалады. Олар студенттердің белсенділігін және олардың жан-жақты дамуы үшін мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

 

   




Кері оралу