қазақша · русский · english
 
 
 
22.04.2022

Ғылыми шығармашылықтың ерекшеліктері

 

2022 жылдың 20 сәуірінде профессор Ж.А.Кабаеваның жетекшілігімен «Ғылыми шығармашылықтың ерекшеліктері» тақырыбында магистранттар, докторанттар үшін онлайн ғылыми семинар өтті. Шараға магистранттар, докторанттар, студенттер, қытушылар қатысты. Тыңдармандардын саны 37 болды.

 

Ғылыми семинардың мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмысындағы шығармашылықтың ерекше құнды рөлін көрсету.

 

Өз сөзінде Кабаева Ж.А. тақырыптың негізгі мазмұнын ашты. Шығармашылық белсенділік дербестікті, икемділікті, табандылықты, өзіне деген сенімділікті, білімге құштарлықты, өнертапқыштық пен эксперимент жасауға деген құштарлықты, ынта-жігерді білдіретін бейсаналық және иррационалды баса назар аударылды. Ал тек шығармашылық процесінде ғылымда танымдық жаңалықтарды шығаруға болады.

 

Жиналғандар сұрақтар қойып, талқылауға белсене қатысты. Докторанттар Г. Мәлік, А. Қырқымбекова өз баяндамаларын жасады.

 

Семинардың мақсаты орындалды.

 

   




Кері оралу