қазақша · русский · english
 
 
 
26.09.2022

Әділетті мемлекет құру идеясының бастауы

 

2022 жылдың 21 қыркүйегінде Тарих және құқық институты Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, саясаттану ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерімен кездесті. Бұл іс-шараның мақсаты еліміздің басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Халқына Жолдауын түсіндіру іс-шарасы.

 

Аталмыш шарада Жаңа Қазақстанды құру мақсатындағы әлеуметтік-саяси реформалардың мәні мен маңызына кеңірек тоқталып өтті. Халыққа қызмет көрсету ұжымының қызметкерлері танымал саясаттанушыны қызығушылықпен тыңдап, көкейлеріндегі сұрақтарымен бөлісті.

 

  alt=  




Кері оралу