Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
14.11.2022
«Шешімі бар!» - сәтті әлеуметтенуге арналған ток-шоуы
2022 жылдың 14 қарашасында Тарих және құқық институты cаясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Қ.А. Кантаеваның ұйымдастыруымен «6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 210-тобының 2-курс студенттері Әлеуметтану сабағының жаңа форматты «Шешімі бар!» ток-шоу форматында оқу-танымдық шара өткізді. Шара тұлғаның қоғамдағы әлеуметтенуі, тұлғааралық қарым-қатынасты сәтті орната білуді негізге алып, адамдардың көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталды. «Шешімі бар!» ток-шоуының өтуіне барша 210 топ студенттері жұмылдырылды. Ток- шоуды топ студенттері З. Дадажанова, Д.Даулетяр жүргізді. Арнайы қонақ ретінде шақырылған топ студенттері Б.Жарылқасын, А.Қыдырбек, А.Нұрманова түрлі сауалдарға жауап беріп, өзара пікір алмасты. Сарапшылар ретінде сөз алған психолог А. Сенбекова, мұғалімдер С.Қасымова мен А.Тұрсынбек, қоғам белсенділері А. Рян, А.Нүркеева, театр әртісі Г.Данайдың пікірлері көпшілік алдында сөз сөйлеудің негізгі мәселелері мен қалыптастыру жолдарын айқындады. Студенттердің бір-бірінің ойын жалғап, еркін тілдесуі тақырыпты толық ашуға көмектесті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|