қазақша · русский · english
 
 
 
21.11.2022

Философия - даналыққа құштарлық

 

2022 жылдың 14-18 қазан күндері аралығында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Жаңыл Мадалиева және кафедра оқытушылары Бақыттыжамал Имманмолдаева, Айгерім Сарыбаеваның ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік философия күніне» арналған философия апталығы өтті. Апталыққа «Философия» және басқа мамандықтардың 2-4 курс студенттері қатысты.

 

Апталық барысында қазіргі философия ғылымының алдында тұрған сауалдар мен өзекті мәселелерді қарастыратын әртүрлі іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, 17 қазанда Физика, математика және информатика институтының 2 курс студенттерінің қатысуымен «Философия - даналыққа құштарлық» тақырыбында танымдық-тәрбиелік сабақ өтті. Студенттер философияға қатысты өз ойларын білдіріп, пікірталас өткізді, қызықты қойылым арқылы философияның қоғамның және жеке адамның өмірдегі орнын ашып көрсетуге тырысты. Сабақ нәтижесінде студенттер философиялық білім мен философиялық ойлаудың даналыққа құштарлық екендігін, ал даналық руханилықтың негізі болатынын түсінді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу