қазақша · русский · english
 
 
 
16.03.2023

«Социум в объективе» фотокөрмесі

 

2023 жылдың 15 наурызында Тарих және құқық институтында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Құралай Кантаева және «Әлеуметтану» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Визуалды әлеуметтану» пәні бойынша «Социум в объективе» тақырыбында фотокөрме таныстырылды. Фотокөрмедегі суреттер кафедра студенттері тарапынан Алматы қаласындағы арнайы белгіленген аймақтарда фотоаңшылық барысында түсірілген. Шараның мақсаты әлеуметтік өмірдің көріністерін қалла тұрғындары және әлеуметтанушы мамандар ретінде көре алу дағдыларын дамыту болып табылады. Іс-шарада байқау негізінде іріктелген суреттерден көрме ұйымдастырылып, белсенді студенттер алғыс хаттармен марапатталды.

 

Шара соңында студенттер мен ұйымдастырушылар арасында ашық талқылау өтті, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Пікір бірауыздан болды - мұндай шаралар даму үшін өте маңызды және пайдалы.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу