қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2023

«Антропология» кітабы «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылды

 

2023 жылдың 13 қарашасында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Ержанов Еркебұлан танымдық-тәрбиелік сабақ өткізді. Сабақ барысында қатысушыларды философиялық антропология туралы жаңа кітаптармен таныстырып, адамзат баласының антропологиялық құрылымымен, антропогенез, адам санасы түзілімінің құрылымындағы факторларымен, өмірдің мәні және адам еркіндігінің бостандық аспектілерін ашып түсіндіріп берді. Атап айтқанда, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған «Антропология» кітабы ұсынылды.

 

Іс-шараға қауымдастырылған профессор Мадалиева Ж.К және 1-4 курс «Философия» мамандығының студенттері қатысып, пікір алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу