қазақша · русский · english
 
 
 
17.11.2023

Жастар көші-қоны: себептері мен салдары

 

2023 жылдың 17 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.А.Қуанышева студенттермен бірге дөңгелек үстел форматта әлеуметтану күндері аясында жастардың көші-қон мәселелеріне арналған ашық сабақ өткізді.

 

«Әлеуметтану» мамандығының 4 курс студенттері «Жастар көші-қоны» тақырыбында Алматы қаласының жоғары оқу орындарында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша баяндамалар мен презентациялар дайындады. Онда экономикалық мүмкіндіктер, білім беру мақсаттары, жұмыс күшінің ұтқырлығы, әлеуметтік-мәдени факторлар мен халық санының демографиялық өзгерістерінің мәселелері қарастырылды.

 

Студенттер Қазақстандағы жастар көші-қонының негізгі себептерін, салдарын және динамикасын зерттеуге үлкен қызығушылық танытып, белсенділік танытты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу