Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
07.12.2023
Халықаралық Кипр университетіндегі ғылыми тағылымдама
2023 жылдың 26 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Ж.Қ. Симтиков Кипр Халықаралық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті. Осы университеттің ректоры, профессор Халил Надиримен кездесіп, Абай университетінің ректоры Болат Тілептің ыстық ықыласын жеткізді.
Кездесу барысында болашақта өзара байланыстар туралы университетаралық Меморандумның шарттарымен таныстырылды.
Тағылымдама барысында ол шетелдік жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамымен кездесіп, «Қазақстан Республикасындағы саяси ғылымның өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сонымен қатар, халықаралық қатынастар факультетінде қазақстандық ғалым «Орталық Азиядағы геосаяси жағдай» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|