қазақша · русский · english
 
 
 
23.04.2024

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» дәрісі

 

2024 жылдың 22 сәуірінде Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Орынбеков Нұрлан Алматы қаласындағы Азаматтық авиация академиясында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында қонақ дәріс өткізді. Студенттерге дін саласындағы мемлекеттік саясат, деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі және террористік әрекеттердің заманауи әдістері туралы айтылды. Нұрлан Орынбеков мемлекеттің зайырлы құрылымын сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, экстремистік идеяларды таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертті. Кездесу барысында студенттермен көптеген маңызды және өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ақпараттық, қауіпсіздік ережелері, деструктивті діни ағымдардың, әсерінен өзіңізді қалай қорғауға болады және т. б. сұрақтарға жауабын алды.

 

  alt=  




Кері оралу