қазақша · русский · english
 
 
 
29.04.2024

Кәсіби бағдар жеке тұлғаның кәсіби бағытын әлеуметтік реттеу құралы ретінде


2024 жылдың 26 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Дауылбаев Т.Ф., Қуанышева Ә.А. және Сайлаубекқызы А. Алматы қаласы №81 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушыларымен және мұғалімдермен ресми кездесу өткізді. Кездесуде мамандық таңдау, қажетті білім, дағдылар кешені ғана емес, кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер туралы айтылды. Сондай-ақ, мектеп бітіруші оқушыларға кәсіп таңдауға байланысты кеңестер беріліп, олардың сұрақтарына жауаптар берілді.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу