Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы / Жаңалықтар
11.10.2024
«500 ғалым» бағдарламасы: Абай университетінің ғалымы халықаралық конференцияда баяндама жасады 2024 жылдың 8-10 қараша аралығында Болгар Ислам академиясында (Татарстан Республикасы, Ресей) «Жаһандық сынақтар жағдайында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтуде. Конференцияда Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымы, PhD доктор Бақытжан Сапаров «Экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы отбасылық және отбасылық құндылықтардың рөлі: Қазақстан тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ғалым өз сөзінде радикалды идеологияға төзімді құндылықтарды қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда отбасы басты рөл атқаратын қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Бақытжан Сапаровтың баяндамасында отбасылық байланыстарды нығайтуға, қоғамдағы тұрақтылыққа ықпал ететін толеранттылық пен өзара сыйластық рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінген.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|