қазақша · русский · english
 
 
 
06.05.2025

XVII Республикалық студенттік олимпиадада жас таланттарды қолдау


2025 жылдың 3 мамырында Тарих және Құқық факультеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдар кандидаты Бақыт Жүсіпов Алматы қаласындағы Тұран университетінде ұйымдастырылған "Халықаралық қатынастар" білім беру бағдарламасы бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қазылар алқасы жұмысына қатысты. Оның жоғары кәсібилігі, терең білімі және әділ бағалауы іс-шараның сәтті өтуін қамтамасыз етіп, қатысушыларды жаңа жетістіктерге шабыттандырды және студенттік ғылымның дамуына елеулі үлес қосты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу