қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2018

«ONE ASIA FOUNDATION» халықаралық білім жобасы


Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы тарапынан ұйымдастырылған халықаралық ғылыми байланыстардың негізінде «One Asia Foundation» халықаралық білім жобасына қол жетті. «One Asia Foundation» қорының төрағасы Йодзи Сато. Ол Жапониядағы ең бай 50 адамдардың қатарына кіреді. Халықаралық қордың негізді мақсаты - Азия халықтарының прогресс пен модернизация бағытында қалыптасуындағы кедергілер мен қиындықтарды жою арқылы, Азиялық қауымдастықты біріктіру болып табылады.


Қор 2009 жылы құрылған және ол коммерциялық емес. Саяси және діни мәселелермен айналыспайды. Бұл бағдарлама әлемнің 33 мемлекеттері мен аймақтарында жұмыс жасайды және болашақта 15 мемлекеттің 514 университеттерінде жұмыс атқару жоспарлануда. Бұл халықаралық білім жобасының ерекшелігі - Жапония, Кытай, Оңтүстік Корея, Испания, Австралия, Жаңа Зеландия және басқа да әлемнің алдыңғы қатарлы ғалымдары университеттерде «Бірыңғай Азия - бірыңғай әлем» бағытында студенттермен жұмыс жасап, дәрістерін өткізеді. Жыл сайын әрбір университеттің студенттері бір реттік шәкіртақы алады.

 

   

 

   

 

   

 

  

 

 




Кері оралу