қазақша · русский · english
 
 
 
02.05.2019

Абай атындағы ҚаҰПУ-да ХХІ ғасырдағы болашақ және рухани даму - технологиялық даму концепциясы талқыланды

 

2 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Тарих және құқық интститутының Саясаттану және әлеуметтік- философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдағы болашақ және рухани даму - технологиялық даму концепциясы» тақырыбында академик Оразалы Сабденнің ашық дәрістері өтті.

 

Лекция барысында академик Оразалы Сабден ұсынылып отырған жобаның мәні мен мазмұнына қысқаша тоқталып өтті. Қазіргі қоғамның ілгері дамуына қажетті факторлар ретінде тың идеялар мен алдыңғы жобалардың маңыздылығына баса назар аударды. Бұл идеяның бастауы ретінде ХХІ ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясын ұсына отырып, «әлемдік өркениетті үй» тұғырнамасын алға тартты. Ол үйдің базалық элементі адам екендігін ұмытпауымыз қажеттігін жете түсіндіре отырып, төмендегідей ашық дәріс сабақтарының тақырыптарын аудиторияға таныстырып, алдыңғы уақытта осы тақырыптарды ашық қарастыратындығы жөнінде тоқталып өтті.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу