қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2019

«Жаңа білім - жаңа мүмкіндіктер»

 

2019 жылдың 10 қазанында Тарих және құқық институтында саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушылары Ж.Ж. Қуанышбаева, О.О. Карибаев, Қ.А. Кантаеваның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: 100 жаңа оқулық» сериясымен жарық көрген бірқатар кітаптармен таныстыру шарасы өткізілді.

 

Білім алуға тың серпін беретін жаңа кітаптармен teamwork форматында танысу шараның мазмұндылығын аша түсті. Себебі, бұл формат жаһандық үдерістер ықпалында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасу үшін дамудың заманауи кезеңінде сыни ойлау, жасампаздықпен шешім қабылдау, креативтілік, прагматикалық білімді саралай білу сынды дағдыларды қалыптастыру үшін таптырмас құрал болып табылады.

 

Жаңа оқулықтармен танысу Ж.Ж. Қуанышбаеваның қазіргі қоғам мен ондағы ұжымдық сананың жай-күйіне талдау кіріспе сөзімен, К.А. Кантаеваның кітаптардың ерекшелігін, маңыздылығын ашатын сипаттамалық баяндамасынан басталды.

 

Студенттер келесі кезеңдерде топшаларға бөлініп, командалық ойындар ойнады. Ойындар барысында кездескен қиындықтар мен кедергілердің кілті дәл осы таныстырылып отырған кітаптарда жатқандығын өз сөзінде О.О. Карибаев жан-жақты талдап көрсетті. Сонымен қатар студенттер тұлғааралық коммуникацияны, қоғамдық білім-дағдыларды жетілдіретін кейс жаттығуларын шешіп, талқылау барысында өзара тәжірибе алмасты. Шара соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, тұлғалық жетілуге ерекше серпін, мотивация алып тарасты.

 

   

 

   




Кері оралу