қазақша · русский · english
 
 
 

 

Білім алушыларды ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау қағидалары


Білім алушы аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

 

Үшінші рет «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты «қанағаттанарлықсыз» бағасын алуына қарамастан Абай атындағы ҚазҰПУ-нен оқудан шығарылады және осы пәнге қайтадан жазылу мүмкіндігінен айырылады.

 

Бұл ретте, білім алушы өз қалауынша басқа ЖОО-ға және (немесе) басқа білім беру бағдарламаға ауысады. Білім алушы өз қалауынша жалпы білім беретін пәндер циклінен басқа, «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған пәні мазмұнында болмайтын басқа білім беру бағдарламасына ауысады.

 

Университеттен оқудан шығарылған білім алушыға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт беріледі.

 

Транскрипте білім алушы игерген барлық оқу пәндері және (немесе) қорытынды бақылау (емтихан) бойынша барлық алынған бағалар, оның ішінде «қанағаттанарлықсыз» бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағалары міндетті түрде жазылады.

 

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау үшін университетте білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады және оның құрамын Абай атындағы ҚазҰПУ белгілейді.

 

Бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе дипломдық жұмысты (жобаны), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.

 

«Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ диплом жұмысын (жобасын), магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

 

Қорытынды аттестаттаудан «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушы «білім беру бағдарламаларының талаптарын орындамаған» және «диплом жұмысын (жобасын) немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғай алмаған» немесе «кешенді емтиханды тапсыра алмаған» деп ректордың бұйрығымен Абай атындағы ҚазҰПУ-нен оқудан шығарылады.

 

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын игергенін растаған және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға аттестаттау комиссияның шешімімен «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері немесе тиісті білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік тағайындалады және бітіру туралы бұйрығының жарияланған күнінен бастап бес күн ішінде қосымшасы бар диплом тегін негізде беріледі. Дипломға (транскрипт) қосымшада барлық оқу пәні, тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.

 

 

Білім алушыларды тестілеуді ұйымдастыру мен қабылдау реті туралы нұсқаулық


Жазбаша емтихандарды ұйымдастыру және өткізу ережелері


Ауызша емтихандарды өткізу туралы ережелер