Негізгі бет
Жаңалықтар
31.05.2022 Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
2022 жылдың 31 мамыры күні Медеу ауданды әкімшілігі және Абай атындағы ҚАЗҰПУ-дың Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Жаңалық елді мекенінде орналасқан «Саяси қуғын - сүргін құрбандарына арналған мемориалына» институттың профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары гүл шоғын қойып, тағзым жасады.
Шараның мақсаты - Азаттық жолында құрбан болған бабаларымызды еске алу, рухына тағзым ету. Өнегелі іс арқылы өскелең ұрпақтың санасына, бойына отансүйгіштік, елжандылық һәм ұлтжандылық қасиеттерді сіңіру.
Шара барысында, саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарының естеліктері тыңдалып, құран бағышталды. Сонымен қатар, білім алушыларды мұражай кешенімен таныстырып, мұрағаттық деректер бойынша дәрістер оқылды.
|