қазақша · русский · english
 
 
 
16.09.2020

Қазақстан халқының Тілдер күні


2020 жылдың 5 қыркүйекте Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиет кафедрасында «Қазақстан халқының тілдер күніне» арналған тәрбие іс-шарасы өтті.


Аталмыш кездесудің ұйымдастырушылары 1 пен 2 курс студенттерінің эдвайзерлері Фариза Бағымбаева мен Мехирниса Хавайдарова болды.


Шара басында кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол көпұлтты тілдер мерекесінің негізінде мынадай идея жатыр: Әрбір тіл - бүкіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі, ал әрбір мәдениет - әлемдік өркениетке баға жетпес үлес екендігін еске салды.


5 қыркүйекте қазақ қоғам қайраткері, қазақ лингвистика және әдебиеттанудың негізін қалаушылардың бірі, ғалым және әдебиеттанушы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келуінің символдық мәні бар. Бұл туралы "Филология" мамандығының 1 курс студенті Диана Кәрімова баяндады.


2 курс студенттері көрермендерге қызықты сауалнама дайындады. Іс-шара презентациямен сүйемелденіп, көрермендер 1 және 2 курс студенттерінің мазмұнды қойылымдарын қызығушылықпен тыңдады.


Қорытындылай келе, ұйымдастырушы оқытушы М.М. Хавайдарова әртүрлі ұлт өкілдері ата-бабаларымыздың мекені Отан деп атайтын елде тұратынымызды, ал олардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, тілі Қазақстанның қайталанбас бейнесі екендігін атап өтті.


Кездесу өз мәресіне патриоттық әуенмен аяқталды: 1 курс студенті Марал Нағашбекқызы «Атамекен» әнін орындады.

 

       




Кері оралу