қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2020

Бірінші курс студенттеріне - қарым-қатынас этикасы және оқыту
стратегиясы туралы

 

2020 жылдың 1 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Үш мамандықтың жүзден астам бірінші курс студенттері біздің студенттер қатарын толықтырды. Олардың барлығы университетте оқудың ерекшеліктерімен, оқытушылармен қарым - қатынас ережелерімен - жеке және виртуалды режимде таныс емес. Бұл туралы кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішеваның кіріспе сөзінде айтылды. Сәуле Жүнісқызының пікірі бойынша, болашақ филологтарды қарсы алатын жылулық пен жан толғанысы оларға өмір мен оқудың жаңа жағдайларына тез бейімделуге көмектеседі.


Студенттер алдында 1 курс тобының эдвайзерлері сөз сөйледі. Табысты оқу үшін біздің жыл сайынғы жұмыс тәртібін жақсы білу маңызды, сондықтан университеттің академиялық күнтізбесімен балаларды магистр Майра Төлеубаева таныстырды. Доцент Елена Ломова университеттің академиялық саясаты мен академиялық адалдық қағидалары туралы айтып берді. Магистр Фариза Бағымбаева студенттерге GPA ұғымын және біздің университеттегі білімді бағалау жүйесін түсіндірді.

 

1 курс студенттері мұндай кездесулерге ризашылықпен жауап береді, өйткені қашықтықтан оқыту режимінде де олар мұғалімдер мен студенттер арасындағы өзара түсіністік пен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді.

 

   




Кері оралу