қазақша · русский · english
 
 
 
14.01.2021

Бос уақыт және бос уақытты

қалай тиімді өткізу

 

2021 жылдың 12 қаңтарында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 1 курс студенттерімен «Бос уақыт және бос уақытты қалай тиімді өткізу» тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Кездесудің ұйымдастырушылары 1 курс эдвайзерлері Елена Ломова және Майра Төлеубаева болды.

 

1 курс эдвайзері Майра Төлеубаева бос уақытты қалай тиімді өткізу керектігін айтып берді.

 

«Филология» мамандығының 1 курс студенті Диана Кәрімова студенттерге бос уақыттарын түрлендіруге көмектесетін, уақытты қалай өткізу керектігі туралы баяндама жасады.

 

Доцент Елена Ломова студенттердің бос уақытында тілдерді үйренуі қажет екенін атап өтті, өйткені жоспарлаған жетістікке жету үшін өзіне нақты мақсат қою өте маңызды. Неліктен тіл үйренгіңіз келетінін және қандай жолмен жүретіндігіңізді анықтап қана қоймай, мақсатыңызға жету үшін ағылшын тілін өз бетінше үйрену жоспарын орындаудың қысқа мерзімдерін белгілеу маңызды.

 

М.Төлеубаева «Уақытты қалай ақылмен өткізу керек» екендігіне байланысты бейнеролик көрсетуімен іс-шараны аяқтады.

 

   




Кері оралу