Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
28.02.2022
«Деструктивті діни қызметке қарсы іс-қимыл» вебинары
2022 жылдың 24 ақпанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері «Деструктивті діни қызметке қарсы іс-қимыл» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Вебинарды филология ғылымдарының кандидаты, эдвайзер Ақерке Іргебаева деструктивті діни ағымдардың университет студенттерінің санасы мен мінез-құлқына әсерін алдын алу, діни сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырды.
Вебинарға PhD докторы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының доценті міндетін атқарушы Бидас Молдахмет шақырылды. Ол деструктивті діни ағымдардың негізгі сипаттамалары, олардың әсеріне қарсы тұру әдістері туралы айтты. Дінтанушы экстремистік діни ұйымдарға қатысқаны үшін сотталғандармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ оқытушылар мен студенттердің сұрақтарына жауап берді.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|