қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2022

Хогвартсқа саяхат

 

2022 жылдың 3 қарашасында Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының РЯЛ 101 тобы Хэллоуинге арналған іс-шара өткізді. Мереке «Гарри Поттер» кітабы мен фильмінің тақырыбына сәйкес рәсімделгенімен, конкурстарға арналған материал классикалық орыс және әлемдік әдебиеттерінен алынып, әлдеқайда ауқымды болды.


«Үш сиқыршы» турниріне РЯЛ 201 тобы қатысты, ал кафедра оқытушылары мен РЯЛ 102 тобының студенттері көрермен ретінде шақырылды. Турлар арасындағы үзілістер кезінде студенттер скрипкашы және қобызшы музыканттардың жанды ойынынан ләззат алып, шағын викторинаға қатысты.


Соңғы турда жеңіске жеткен «Когтевран» факультеті бас жүлдені жеңіп, қалған қатысушылармен тәттілерді жомарттықпен бөлісті.


1 курс студенттері өздерін ұйымдастырушы және жүргізуші ретінде сынап, жақсы жетістік көрсетуде. Қазіргі жастардың кең эрудициясы мен көркем әдебиетті білетіндігі қуантады!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу