қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2022

Абай университеті оқытушылары үлгілік оқу жоспарларын бағалау жөніндегі жұмыс тобының құрамында

 

2022 жылдың 22-25 қарашасы аралығында Алматы қаласының Жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығында 2 сыныпқа арналған «Орыс тілі» пәнінің үлгілік оқу жоспарын қарау бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Жұмыс тобына «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы және докторанты Марина Асылбекова және Гүлнара Атембаева қатысты.

 

Жұмыс тобының отырысы жемісті өтті, бағдарлама әзірлеушілерге ұсыныстар берілді. Сараптамалық топ үлгілік оқу жоспарларының жобаларын қарап шығып, «Қайта қарауға ұсынылды» деген қорытынды жасады.

 

  alt=  




Кері оралу