қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2023

Хорватиялық профессор Абай университетінде дәріс оқыды

 

2023 жылғы 3 сәуірде Филология институты «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының магистранттары, докторанттары мен профессор-оқытушы құрамы Загреб университеті философия факультетінің профессоры Ясмина Войводичпен кездесті. Хорватиялық профессор өзінің Қазақстанға алғаш сапарында тәжірибе алмасуға және Қазақстанның орыс филилогия саласындағы ғалымдарымен шығармашылық байланыс орнатуға бағытталған бірқатар кездесу өткізу мақсатын көздеп отыр. Ясмина Войводич «Қазіргі әдебиет пен мәдениеттегі күлімсіреу» тақырыбында дәріс оқыды. Дәрістен кейін тыңдаушылар белсенді сұрақтар қойып, қазіргі орыс әдебиетін зерттеу бойынша өзекті ақпаратпен алмасты.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу