қазақша · русский · english
 
 
 
05.07.2023

«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Польшада өткен халықаралық конференцияға қатысты


«Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Абишева С.Д., Сабирова Д. А., Серикова С. К., Омарова А. Б., Қазмағамбетова А. С., докторант Атембаева Г. А. 2023 жылдың 29-30 маусымында Слупск қаласындағы Помор университетінде (Польша) өткен «Шығыс - Батыс: тілдер мен мәдениеттер диалогы» халықаралық конференциясына бетпе-бет қатысты. Олар тіл білімі, эмиграциядағы орыс әдебиетінің мәселелері, славян әдебиеті мен мәдениеті туралы баяндамалар жасады. Докторанттар Молдағали М. Б., Кириенко А. өз баяндамаларын онлайн режимінде таныстырды.

 

Дәстүрге айналған конференцияның бір секциясы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың серіктес университеттің базасында ұйымдастырған Абай атындағы Ғылым және мәдениет орталығында өтті.

 

Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстаннан келген делегация Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләловтың атынан проректор Данута Герчинскаға құттықтау адресаты мен картина табыс етті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу