қазақша · русский · english
 
 
 
23.10.2023

Abai university оқытушылары Эгей университетінде ғылыми іссапарда болды

 

«Байтұрсыновтың конкордансы. Қазақ-орыс параллель корпусы» атты № АР19676988и ғылыми жобасын іске асырудың күнтізбелік жоспарына сәйкес «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушылары Г.Ж. Байшукурова мен А.Б.Иргебаева Измир (Түркия) қаласындағы Эгей университетінің Түркі әлемін зерттеу институтында қызметтік іссапарға барды.

 

Ғылыми іссапардың мақсаты - корпустық лингвистиканың технологиялық әдістерін игеру, әлемдік лексикографиялық ресурстармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында түркітану және тіл білімінің өзекті мәселелерімен айналысатын институт мамандарымен кеңесу, сондай-ақ жоба тақырыбы бойынша ақпарат іздеу үшін университет кітапханасында ғылыми әдебиеттерді зерделеу болып табылады.

 

Ғылыми іссапар барысында профессор Фикрет Түрікмен және Эгей университетінің Түркі әлемін зерттеу институтының жетекші қызметкерлері: профессор Невзат Сюзан және профессор Мувафак Дуранлимен танысып, кездесулер өткізілді. Әңгімелесу барысында түркі әдебиетінің өзекті мәселелері, көрнекті ғалымдардың, оның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылық мұрасы талқыланды, сондай-ақ 2024 жылы түркі әлемін зерттеу институтының ғалымдарының қатысуымен Халықаралық дөңгелек үстелді ұйымдастыру және өткізу бойынша алдағы жоспарлар белгіленді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу