қазақша · русский · english
 
 
 
14.11.2023

Поляк ғалымы Абай университетінде дәріс оқыды

 

2023 жылдың 14 қазаннан 13 қарашаға дейін Абай университетінде шақырылған профессор ретінде поляк ғалымы Лодзь университетінің (Польша) профессоры Ярослав Вежбински дәріс оқуға келді. Шетелдік ғалым «Мәтіннің семантикасы мен стилистикасы: лингвомәдени талдау» тақырыбында дәрістер курсын оқыды, докторанттарға кеңес беріп, ғылыми ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша қазақстандық әріптестерімен кездесті. Кездесуде «М.Зощенко шығармалары тілінің стилистикалық феномені» тақырыбында ашық дәрісін оқыды. Шетелдік профессор дәрістерін Филология институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының бакалавриат студенттері, магистранттары мен докторанттары тыңдады, олар ғалыммен сұхбаттасу барысында қызығушылық тудырған сұрақтарына жауап алып қана қоймай, ғылыми ізденістің жаңа бағыттарын тапты.

 

Дәрістер курсының соңында поляк профессоры тыңдаушыларға сертификаттар табыстады. Жалпы айтқанда, профессор Я.Вежбинскидің Абай университетінде жұмысы табысты және нәтижелі аяқтады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу