қазақша · русский · english
 
 
 
15.12.2023

Абай университеті филологтары «Еуропа-Азия 2023» халықаралық педагогикалық форумына қатысты

 

Ланьчжоу қаласындағы Солтүстік-батыс педагогикалық университетінде (ҚХР) өткен «Еуропа-Азия 2023» халықаралық педагогикалық форумында педагогикалық білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Форумды Солтүстік-Батыс педагогикалық университетінің ректоры Ван Чжанжен ашты. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, жетекші ғалымдар, зерттеушілер және бірқатар елдердің 18 жоғары оқу орнынан білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.

 

Қазақстан атынан университетіміздің Филология институтының оқытушылары С.Д. Әбішева, А. А. Найманбаев және Д. А. Сабирова қатысты. С.Д.Әбішева «Абай атындағы ҚазҰПУ тиімді халықаралық қызметті ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.

 

Баяндамалардың тақырыптары білім беру саласындағы заманауи талаптарға жауап береді. Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары іс-шараларға қатысып, үлкен тәжірибе жинақтады. Сонымен қатар, конференцияда Ланьчжоу қаласының Солтүстік-батыс педагогикалық университеті мен Абай университеті арасындағы өзара әрекеттесу және ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу