қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2024

Ғылым онкүндігі: «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының ПОҚ баяндамалары күні


Ғылым декадасы - 2024 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институтының «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасы дәстүрлі ПОҚ баяндамалары күні өткізді. Кафедраның оқытушылар құрамы 5 секция аясында 41 баяндама дайындады: «Лингвистика» секциясы (төрайым Қуатова Г.А.), «Әдебиеттану» (төрайым  Сабирова Д.А.), «Орыс тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» (төрайым Хавайдарова М.М.), «Орыс тілінің практикалық курсы 1» (төрайым Оңғарбаева А.Т.) және «Орыс тілінің практикалық курсы 2» (төрайым Бекишева Р.И.). Профессор-оқытушылар құрамының баяндамалары қазақстандағы орыс тілін зерттеудің жай-күйіне, оның жетістіктері мен перспективаларына, әдебиеттану мен лингвистиканың өзекті мәселелеріне, орыс тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық әдістеріне арналды. Секциялардың жұмысы жемісті болды, әр баяндамаға сындарлы талқылау жасалды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу