қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2024

«Балалар әдебиеті - ұлт болашағы» халықаралық конференциясы


ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің   «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ әдебиетін оқыту: тарихы, бүгіні, болашағы» атты ғылыми жобасы  және Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым декадасы - 2024 аясында «Балалар әдебиеті - ұлт болашағы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн  конференция өтті.


Конференцияға балалар әдебиетін зерттеуші шетелдік және отандық ғалымдар, балалар жазушылары мен ақындары, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, әдіскер ғалымдар, мектеп педагогтері, кітапхана қызметкерлері, докторанттар мен магистранттар қатысты.


Конференция жұмысына барлығы 35 мақала келіп түсті. Оның ішінде Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан мемлекеттері мен Қазақстанның Астана, Алматы, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Түркістан, Орал т.б. қалаларынан ғалымдар мен әдіскер педагогтер баяндама жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу