қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2024

 Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы өкілдері Термез мемлекеттік университетінде (Өзбекстан)

 

2024 жылдың 13-16 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының өкілдері - PhD доктор, аға оқытушы А.Т. Оңғарбаева және ф.ғ.к., аға оқытушы Б.А.Смағұлова жоғары оқу орындары арасында жасалған ынтымақтастық меморандумы негізінде, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Термез мемлекеттік университетіне (Өзбекстан) іссапармен барды. Сапар барысында аға оқытушы А.Т.Оңғарбаева «Лингвистикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша «Лингвистика» бағытының магистранттарына, аға оқытушы Б.А.Смағұлова «Қазіргі орыс тілі» пәні бойынша «Филология және тілдерді оқыту» (орыс тілі) бағытының бакалаврларына дәрістер оқыды. Олар сондай-ақ магистранттарға арналған «Лингвистикалық зерттеу әдістері» пәні бойынша «Лингвистика» бағыттарына байланысты ғылыми дәрістер материалдарын талқылады.


Аталған академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру сапары аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті мен Термез мемлекеттік университетінің шетелдік филология факультеті арасында келісім жасалды. Бастаманы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы ұсынды.


Келісімнің мақсаты - факультеттер арасындағы әріптестікті нығайту және бірлескен жобаларды іске асыру. Келісім бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, конференциялар мен семинарларға қатысу, тәжірибе мен ақпарат алмасу сияқты бірқатар негізгі мәселелерді қамтиды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу