Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
03.12.2024
«Шекарасыз орыс тілі: А.С.Пушкиннің мұрасы және орыс әдебиетіндегі Пушкин дәстүрлері» халықаралық форумы 2024 жылдың 26-28 қарашасында Ереванда орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері мен оқытушыларының «Шекарасыз орыс тілі: А.С. Пушкиннің мұрасы және орыс әдебиетіндегі Пушкин дәстүрлері» атты халықаралық форумы өтті. Форумға Армения, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден барлығы 120 мектеп мұғалімдері мен ЖОО оқытушылары жиналды. Ресей Ғылым министрлігі және Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен форумды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері, шетелде тұратын отандастар және халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Федералды агенттік, Н.И. Лобачевский атындағы Нижний Новгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (НММУ) ұйымдастырды.
Пленарлық отырыста филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева «А.Пушкиннің М. Мақатаев шығармашылығына әсері» атты баяндама жасады. «ТМД елдерінде орыс тілі мен әдебиетін оқыту: білім беру технологиялары» атты дөңгелек үстел отырысында Алматыдағы Орыс Үйі қолдауымен Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы шығарған белгілі қазақстандық ғалым-филолог Г.М.Мучник кітабының тұсаукесері өтті.
С.Д.Әбішева модератор болған «Пушкин сабақтары (жалпы білім беру мекемелерінде орыс әдебиетін оқу және оқыту тәжірибесінен» секциясында «Әдебиет сабақтарында лирикалық шығарманы қалай талдауға болады? (А.С. Пушкиннің «Арион» өлеңін түсіндіру туралы мәселе» тақырыбында С.Д.Әбішеваның шәкірті, Абай атындағы ҚазҰПУ түлегі, филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының стратегиялық серіктесі, №165 Мамандандырылған лицейдің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Марина Асылбекова сөз сөйлеп, әріптестерімен пікір алмасты.
ТМД русистерінің халықаралық форумы тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін маңызды платформаға айналды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|