Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
18.12.2024
Абай университетінің оқытушылары Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде (АҚШ) тағылымдамадан өтуде «Болашақ» ХБО АҚ басқаратын «500 ғалым» ғылыми тағылымдама бағдарламасы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары (UIUC) «Педагогика» бағыты бойынша біржылдық тағылымдамадан өтуде.
Иллинойс университеті институционалдық рейтингте 46-шы орынды және QS World University Rankings 2025 бағдарламалық рейтингінде (Education) 26-шы орынды иеленген әлемдегі ең үздік жүз университеттің қатарына кіреді. Бұл АҚШ-тың білім берудегі инновациялық тәсілдерімен және озық ғылыми әзірлемелерімен танымал жетекші ғылыми орталықтарының бірі.
Делегация құрамында профессор А.Т. Құлсариева, қауымд.проф. м.а. Ф. Ержанова, С. Серикова, Ж. Беласарова, А. Жунусбекова, аға оқытушылар Г. Жандыкеева, Е. Оспанбеков, А.Умарова, Ж. Еримбетовалар бар.
Тағылымдама бағдарламасы заманауи педагогикалық білім берудің негізгі бағыттарын қамтиды. Оқытушылар жасанды интеллектті білім беруде қолдану мүмкіндіктерін зерттейді, педагогикалық шеберлікті жетілдіреді және менторлар - тәжірибелі американдық ғалымдардың жетекшілігімен ғылыми жарияланымдармен жұмыс істейді. Халықаралық білім беру кеңістігіне кірігу үшін қажетті ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттыруға ерекше назар аударылады.
Күзгі семестрдің сәтті аяқталуы стипендиаттардың ағылшын тілінің мамандандырылған курстарынан өткені туралы сертификаттар алуымен ерекшеленді. Қазіргі уақытта тағылымдама жалғасуда және Абай ат. ҚазҰПУ педагогтері Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді университеттердің бірінде білімдерін тереңдетіп, кәсіби дағдыларын шыңдауда. Бұл бағдарлама педагогтердің біліктілігін арттыруға ықпал етіп қана қоймай, білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Өйткені, тағылымдама барысында алған тәжірибе мен білім оқу үдерісіне озық білім беру технологияларын енгізуге және Қазақстандағы педагогика ғылымының одан әрі нығаюына ықпал ететін болады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|