
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы | Басты / Факультеттер / Филология факультеті / Кафедралар / Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы / Жаңалықтар
14.11.2025
DAAD халықаралық жобасының құрамы Германияда
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары мен студенттері 2025-2026 жылдарға арналған DAAD халықаралық жобасына "The Network on International Education in South Caucasus and Central Asia at the Intersection of Educational Spaces" (NIE-SCCA-EdSp) қатысуда.
Abai University атынан жобаға педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдигапбарова У.М., педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ибраева К.Е., PhD докторы Молдагали М.Б., сондай-ақ студенттер Жумабай Ш. және Мусилим А. қатысуда.
Сапар барысында бірқатар іс-шаралар өткізілді: • Prof. Dr. Anatoli Rakhkochkin жетекшілігімен «Current Problems and Research Results in the Field of International Education (Systematic and Interdisciplinary Perspectives)» тақырыбындағы семинар өтті. Онда қатысушылар халықаралық білім беруді зерттеудің заманауи тәсілдері мен пәнаралық әдістерін, сондай-ақ бірлескен зерттеулердің нәтижелерін талқылады.
FAU университетінің президенті Prof. Dr.-Ing. Joachim Hornegger және вице-президентімен Prof. Dr. Andreas Hirsch маңызды кездесу өтті. Abai University атынан кездесуге профессор, жоба үйлестірушісі Улжаркын Абдигапбарова қатысты.
Жұмыс сапары Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ және Германия университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты тереңдетуге, тәжірибе алмасуға және халықаралық серіктестікті кеңейтуге бағытталған.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|