қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2025

Жоба аясында Туринге ғылыми іссапар

 

AP23489915 «Қазіргі әлемдік мәдениеттегі Қазақстан бейнесін трансмедиалды және көркемдік бейнелеу» жобасын іске асыру аясында С.К. Серикова мен Г.А. Атембаева Туринге ғылыми іссапар жасады.

 

Сапар барысында тәжірибе алмасу және Ұлттық бейнелерді зерттеу тақырыбы бойынша материалдарды белсенді жинау өтті.

 

Іссапар аясында Турин университетінің әдебиеттану кафедрасының профессорларымен келіссөздер жүргізілді, оның барысында:
▪️ бірлескен жарияланымдар мен ғылыми мақалалар дайындау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді;
▪️ академиялық тағылымдамалардың, алмасу бағдарламаларының және шақырылған дәрістердің болашағы талқыланды;
▪️ университеттің гуманитарлық ғылымдар мектебімен ынтымақтастық нығайтылды.

 

Іссапар халықаралық ғылыми өзара әрекеттесуді дамытудағы және одан әрі пәнаралық зерттеулерге мүмкіндік берудегі маңызды қадам болды.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу