қазақша · русский · english
 
 
 
27.11.2025

Жоба аясында Туринге ғылыми іссапар

 

AP23489915 "Қазіргі әлемдік мәдениеттегі Қазақстан бейнесін трансмедиалды және көркемдік бейнелеу" жобасын іске асыру шеңберінде зерттеу тобының мүшелері С.К. Серикова мен Г.А. Атембаева Турин қаласына ғылыми іссапарға барды, онда ұлттық бейнелерді зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибе алмасу мен материалдар жиналды.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының докторанты, зерттеу тобының мүшесі Г.А. Атембаева өзінің "Қазақстандық мәтін" көркемдік құбылыс және оны зерттеу әдістемесі ретінде" докторлық диссертациясының тақырыбын таныстырып, зерттеудің негізгі бағыттарын белгіледі. Талқылау барысында Е.Зейферт прозасындағы "қазақстандық мәтінді" бейнелеуге арналған диссертация тарауларының бірі қаралды. Сондай-ақ әдебиеттанудың өзекті мәселелері және одан әрі ғылыми жұмыстың келешегі қозғалды.

 

Кездесуге әдебиеттану кафедрасының профессоры, славист, ақын және аудармашы Массимо Маурицио ерекше мән берді. Ол Қазақстанның орыс тілді жазушыларының заманауи шығармаларын итальян тіліне аудару тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ докторлық диссертациямен жұмыс істеу бойынша құнды ұсыныстар берді.

 

Жобаның аға ғылыми қызметкері, PhD С.К. Серикова қазақ әдебиеті саласындағы өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынды және қазақ авторларының шығармаларын итальян тіліне аудару мәселелерін қозғады.

 

Ғылыми іссапар ғылыми ойдың дамуына, кәсіби ой-өрістің кеңеюіне және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына ықпал етті.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу