қазақша · русский · english
 
 
 
12.12.2025

Түркіменстанның Бейтараптық күні – елдің бейбітшілік, жасампаздық және ізгілік мұраттарының символы

 

12 желтоқсанда филология факультеті 1 курс «Түркімен мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы» 101, 102 топ және «Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы» мамандығының студенттері Түрікменстанның бейтараптық күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелеуге қатысты.


«Түркімен мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы» - 102 тобының студенттері патриоттық салтанаттың дербес сценарийін әзірлеп, қызықты іс-шара ұйымдастырды.

 

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы қарарымен қабылданған мереке күнге биыл 30 жыл болды. Қарарда «Түркіменстанның тұрақты бейтараптық мәртебесі аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді» деген үміт білдірілді.

 

Бірінші курс студенттерінің түрікмен және орыс тілдерінде сөйлеген сөздерінен Отан туралы мазмұнды хабарламалар, патриоттық өлеңдер мен әндер айтылды. Іс-шара барлық студенттерінің Түркіменстанның Әнұранын орындаудан басталды.

 

Зал түрлі-түсті шарлармен және жалаулармен безендірілген, орталықта құрметті жерде Түркіменстанның мемлекеттік жалауы қондырылған.

 

Іс-шараның ұйымдастырушы 102 тобындағы қыздардың орындауындағы ұлттық киімдердегі түрікмен билері, сондай-ақ ПжП факультетінің 1 курс студентінің қазақ халық күйлерінің домбырамен шебер тартуы қатысушы екі ел жастары үшін ұмытылмас әсер қалдырды және мақтаныш сезімін тудырды.


Бұл іс-шара Түркіменстан мен Қазақстанның барлық қатысқан студенттері үшін тәрбиелік, сонымен қатар танымдық маңызға ие болды.

  alt=  

  alt=  




Кері оралу