қазақша · русский · english
 
 
 
05.12.2025

А.С.Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының делегациясы Abai University-не келді

 

 

2025 жылғы 5 желтоқсанда Халықаралық жоба аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасына серіктес А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институтының делегациясы жұмыс сапарымен келді.


Институттың жетекші ғалымдары студенттерге риторика өнеріне және білім мен ғылымда жасанды интеллектті қолданудың өзекті мәселелеріне арналған дәрістер оқыды.

 

Филология ғылымдарының докторы, орыс әдебиеті және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры Владимир Иванович Аннушкин «Филология - әдебиет - риторика - сөйлеу мәдениеті: өткен мен бүгіннен болашаққа көзқарас» тақырыбында баяндама жасады.

 

Когнитивті және лингвистикалық зерттеулер зертханасының ғылыми қызметкері Татьяна Сергеевна Веселовская «Білім беру бағдарламаларындағы жасанды интеллект және ғылыми зерттеулерде ЖИ қолдану» атты баяндама жасады.

 

Студенттер дәрістерді үлкен қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсенді қатысты және спикерлерге сұрақтар қойды, бұндай шаралар кездесуді мазмұнды және танымдық тұрғысынан көркейтті.

 

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу