қазақша · русский · english
 
 
 
29.01.2019

2018-2025 жылдарға арналған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегиялық даму жоспарын талқылау

 

2019 жылдың 21 қаңтарынан 29 қаңтарына дейін орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспарын талқылау бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.


Талқылаудың басты тақырыбы Стратегиялық жоспарды құру, оның бөлімдерінің мазмұны, ХХІ ғасыр мұғалімінің жеке басын қалыптастыру мақсатына бағытталды. Әрбір пікірталаста студенттер мен мұғалімдердің алдында тұрған нақты міндеттер, әрқайсымыздың Стратегиялық жоспардың мақсаттарын жүзеге асыруда қандай үлес қосатынымыз туралы мәселелер көтерілді.

 

   

 

   

 




Кері оралу