қазақша · русский · english
 
 
 
13.11.2017

Ашық дәріс

 

2017 жылдың 9 қарашасында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Әбішева ашық дәріс өткізді.

 

4-ші курс бакалавриат студенттері Сәуле Әбішеваның жетекшілігімен ХХ ғасырдың орыс әдебиетін үлкен қызығушылықпен оқиды, себебі дәл осы дәуір әлемге керемет жазушыларды паш етті. Олардың көпшілігі қиын, кейде қайғылы тағдырды бастарынан кешті.

 

ХХ ғасырдағы орыс және қазақ поэзиясының танымал маманы, профессор Сәуле Әбішева - өз білімімен болашақ филологтармен бөлісуде. Ол «Анна Ахматованың поэзиясының ерекшеліктері» тақырыбында өткізген дәрістің ғылыми тереңдігі мен сұлулығын біріктіре білді.

 

Келесі оқу жылында осы студенттер мектеп мұғалімдері болады. Бүгінгі поэзия туралы әңгіме олар үшін педагогикалық шеберліктің қайталанбас үлгісі болды.

 

 

 

 

 

 




Кері оралу