қазақша · русский · english
 
 
 
30.10.2019

Алматылық мұғалімдер мен ҚазҰПУ педагогтары жаңа оқулықтарды талқылады


2019 жылдың 28-29 қазанында Алматы қаласының № 147 гимназиясында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жасалған оқулықтарды талқылау үшін қала мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-білім беру орталығы ұйымдастырған семинарға 11 сыныпқа арналған әдебиеттер оқулығының авторлары, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, профессор, кафедра меңгерушісі Сәуле Әбішева және доцент Зинаида Поляк қатысты, оқулықтың тұсаукесерін жасап, мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.

 

   

 




Кері оралу