қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.06.2022

ҚР педагогикалық білім беру тұжырымдамасының жобасы талқыланды

 

2022 жылғы 2 маусымда Абай атындағы ҚазҰПУ-да ҚР педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

 

Семинар-кеңеске жоба авторлары - Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, п.ғ.д., профессор Қорлан Жампейісова К, п.ғ.д., профессор Наталья Хан, п.ғ.к., профессор Шолпан Колумбаева, сондай-ақ университеттің ғалым-педагогтары, Алматы қаласының білім беру қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты.

 

Ректор Дархан Біләлов, өз баяндамасында Жобаның негізгі ережелері мен педагогикалық білім беруді дамытудың басым бағыттарын ұсынды. Өз сөзінде ол, Тұжырымдама жобасы ҚР педагогикалық білім беру сапасын арттыру бойынша шараларды іске асыру аясында әзірленгенін және бұл құжаттың қазіргі қоғамның міндеттерін, озық халықаралық тәжірибені және білім берудің заманауи парадигмасын ескере отырып, Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамытудың тиімді жолдарын анықтаудағы ғылыми-практикалық маңыздылығын атап өтті.

 

Баяндамашыға және жобаны әзірлеуші авторларға болашақ педагогтарды кәсіби даярлау сапасы, педагогикалық ЖОО мен ПОҚ біліктілігін арттыру жүйесінің өзара байланыс нысандары, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік және «Мектеп-ЖОО» жүйесінде дуальді оқытуды іске асыру, педагогикалық практиканың барлық түрлерінің мерзімдері мен мазмұны, білім алушыларды педагогикалық мамандыққа ынталандыру, сондай-ақ, педагогикалық мамандықтардың ББ-да зерттеу құрамдас бөлігі ұлттық контентті дамыту жөнінде қызу талқылау туғызған проблемалық сұрақтар қойылды.

 

Семинар-кеңеске қатысушыларды әсіресе, дәстүрлі құндылықтарды сақтау және жоғары оқу орнына дейінгі кәсіптік бағдар берудің инновациялық нысандарын «Педагог» мамандығына енгізу, жоғары педагогикалық білім беру деңгейіндегі даярлау модельдері - бүйірлік кіру, қолданбалы бакалавриат, Honors College (дарынды білім алушыларға арналған колледж) педагогикалық білім беру деңгейінде жүргізілетін инновациялар ерекше қызығушылық тудырды.

 

Талқылау барысында сөз сөйлеушілер аталған құжаттың ҚР педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттырудағы инновациялық маңызы мен заманға сәйкестігін атап өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов қатысушыларға сындарлы талқылау үшін алғысын білдіріп, Жаңа Қазақстан үшін педагог кадрларды даярлауда алдағы уақытта ынтымақтастыққа сенім білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=