қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.06.2022

«Қазіргі білім беруде орыс тілін оқытудың негізгі үрдістері» халықаралық дөңгелек үстелі

 

2022 жылдың 7 маусымында Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы «Қазіргі білім беруде орыс тілін оқытудың негізгі үрдістері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

 

Кездесуді Ресейдің Алматыдағы Бас консулдығының консулы, Россотрудничество өкілі Татьяна Барышникова ашты. Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузияның ғалымдары мен педагогтары баяндама жасады.

 

Іс-шараға 70-тен астам қатысушы - түрлі елдердің ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдері - маңызды және пайдалы ақпарат алып қана қоймай, одан әрі шығармашылық жұмысқа серпін алды.

 

Халықаралық дөңгелек үстелді қорытындылай келе, орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева халықаралық білім беру, экономикалық және мәдени кеңістіктегі орыс тілінің маңыздылығын атап өтіп, барлық спикерлерге алғысын білдіріп, кездесуге қатысушыларға кәсіби табыс тіледі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=